Сіз мүлкіңізді жария еттіңіз бе?
Қазіргі таңда елімізде мүлікті жария ету жұмыстары кең көлемде жүріп жатыр. Шығыс өңірінің азаматтары да қалыс қалып жатқан жоқ
Мүлікті жария ету дегеніміз - табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген немесе тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке қатысты құқыларды мемлекеттің тану рәсімі. Жалпы, мүлікті жария ету акциясы әлем елдерінде бар тәжірибе. Мәселен, Франция, Португалия, Австралия, АҚШ сынды елдер мұндай науқанды бірнеше рет өткізген екен. Негізінен, мүлікті заңдастыру ел экономикасына да айтарлықтай үлес қосады.
ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, облыс бойынша бүгінгі таңға дейін жергілікті орындаушы органдар тарапындағы комиссияға ҚР аумағында орналасқан тіркелмеген мүлікті заңдастыруға құндық бағасы 15 млрд 452 млн 639 мың теңгені құрайтын 3728 арыз түскен. Оның ішінде 9 млрд. 451 млн. 771 мың теңге сомасындағы 1929 арыз Өскемен қаласы бойынша тіркелген.
- Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан құндық бағасы 8 млн 875 мың теңгені құрайтын шет елде орналасқан 3 жылжымайтын мүлік (1- Түркияда, 2 - Болгарияда), облыс аумағында орналасқан, басқа тұлғаға рәсімделген бағасы 9 млн. 900 мың теңге құрайтын 11 объект заңдастырылды, - дейді ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары м.а. Талғат Колмыкпаев.
Келіп түскен арыздардың 1336-сы тұрғын үй-жайлар, 2392-сі тұрғын емес құрылыстар, соның ішінде 359-ы коммерциялық объектілерді жария етуге байланысты. Коммерциялық объектілердің ішінде тек қана сауда үйлері, кафе, автожуу, ТҚО ғана емес, сондай-ақ, әлеуметтік саладағы объектілер де бар.
- Мәселен, Зайсан ауданында балабақша ғимараты заңдастырылып, қызмет көрсетуде, - дейді Талғат Маратұлы. – Сонымен қатар, Шемонаихада мәдени-сауықтыру орталығы, дәріханалар, Зырян қаласында көкөніс сақтау қоймасы, оқу ғимараттары, Жармада денсаулықты сауықтыру объектісі – жеке медициналық ұйым заңдастырылды.
Одан өзге, заңмен белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін 640 арыз кері қайтарылған. Айта кетейік, мүлікті жария ету бойынша заңда белгіленген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, ұсынылған құжаттарда өшіріп тазарту мен түзетулер болған, ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген құжаттарға қойылған талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда қайтарылуға жатады.
Ал ШҚО бойынша осы уақытқа дейін мемлекеттік кірістер органдарына 4 млрд. 257 млн. 270 мың теңгені заңдастыруға 23 декларация табыс етілді. Оның 15-і Семей қаласында болса, 8-і Өскемен қаласында. Оның ішінде 22 декларация бойынша 4 млрд 199 млн 555 мың теңге жария етілді, 57 млн 715 мың теңгеге тапсырылған 1 декларация қарастырылуда.
Негізінен бұған дейін елімізде екі рет мүлікті заңдастыру шарасы өткен болатын. Оның алғашқысы 2001 жылдың шілде-тамыз айында өтіп, 3 мыңға жуық азамат 480,0 миллионнан астам АҚШ долларын жария еткен.
Ал екіншісі 2006-2007 жылдары аралығында ұйымдастырылды. Онда тек капитал ғана емес, жылжымалы және жылжымайтын мүлік те заңдастырылды. Соның нәтижесінде республикалық бюджетке шамамен 60 млрд теңгенің жария ету алымы түскен.
Естеріңізге сала кетейік, Өскемен қаласы аймағында орналасқан мүлікті жария ету үшін жиналған құжаттар Протозанов көшесі, 37 а мекенжайында дүйсенбі және жұма аралығында қабылданады.
Құжаттарды тапсыру мерзімі 2016 жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады.
Ерке Мұхаметкәрім
Следующая →