Қазақстандық паралимпиадашылар елге оралды
Қазақстандық паралимпиадашылар отырған ұшақ Астана әуежайына келіп қонды. Оларды жанкүйерлері тосып алды
Астананың ұшу залында қолдарына Қазақстанның туын, суреттер мен плакаттар ұстаған жүздеген жанкүйерлер Паралимпиада жұлдыздарын Риодан күтіп алды.
Айта кетейік Паралимпиада ойындарында алтынды жүзуден Зульфия Габидуллина алса, күштік үшсайыста отандасымыз Раушан Койшыбаева күмісті еншіледі. Зульфия елге алтын әкелгенімен қоймай, жаңа әлемдік рекорд орнатты.
- Біз үшінші орынға ілігеміз деп, егер жолымыз болса 1-орын аламыз деп ойладық. Жеңістің формуласын білесіздер ме? Ол 99% еңбек, 1% сәттілік, - дейді Габтдуллина.
Ел үкіметі Паралимпиада жүлдегерлерін де Олимпиада жүлдегерлері секілді ақшалай марапаттамақ. Алтын үшін 250 мың, күміс үшін 150 мың доллар. Аймақ басшылары жүлдегерлерге пәтер, көлік кілтін табыстайтын болады.