Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Ұлттық банк төрағасы Қазақстандықтарға жаңа девальвация жайлы айтты

Данияр Акишев девальвацияға қатысты қауесеттерді сейілтті

Новости Казахстана / Экономика в Казахстане / Глава Нацбанка рассказал, будет ли новая девальвация в Казахстане
Фото:
dailynews.kz

Теңгенің айырбас бағамында елеулі өзгерістер орын алатындығына негіз жоқ. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті деп хабарлайды  nur.kz

«Мен девальвация болуы мүмкін деген қауесеттерге қатысты түсініктеме бере кеткім келеді. Бұл жерде өткен жылдың тамыз айындағы жағдай мысалға келтіріліп жатыр. Теңгенің бағамы қазір қалыптасқан ішкі және сыртқы экономикалық факторларға жауап береді деп санаймын. Сонымен қатар, теңге бағамының Қазақстанмен тығыз сауда-экономикалық байланыс орнатқан әріптес елдердегі валюталармен және мұнай бағасымен ара-қатынасы теңгерімді жағдайда деуге болады.

Ақша-несие саясаты және төлем балансы тұрғысынан алып қарағанда, теңге бағамында қандай да бір теңгерімсіздік жоқ. Яғни, таяу арада теңгенің айырбас бағамында елеулі өзгерістер орын алатындығына негіз де, алғышарттар да жоқ», - деді Данияр Ақышев.

Сонымен қатар бас банкир қазіргі таңда қаржы нарығындағы қалыптасқан ахуалға баға бере келіп, алдымен еліміздегі инфляция көлемін мәлім етті.

«2016 жылғы шілде айында инфляция - 0,5 пайызды құрады. Өткен жылы осы кезеңде инфляция деңгейі - 0,1 пайызды құраған болатын. Ал 2016 жылы қаңтар-шілде айында инфляция деңгейі - 5,2 пайыз болды. Жылдың басынан бастап, азық-түлік тауарларының бағасы - 5,6 пайызға, азық-түлік тауарларына жатпайтын тауарлар - 5,2 пайызға, ақылы қызмет көрсету - 4,7 пайызға өсті», - деді Д. Ақышев.

Айта кетелік, өткен шілде айында да 0,5 пайызды құраған болатын. Сонымен қатар, шілде айында азық-түлік тауарлары нарығында әсіресе қырыққабат пен қанттың бағасы өсті. Қырыққабаттың бағасы - 31,4 пайызға, ал қанттың бағасы - 11,3 пайызға қымбаттады.

Жылдық көрсеткіш бойынша 2016 жылдың шілде айында инфляция - 17,7 пайызды құрады. 2015 жылдың  желтоқсан айында бұл көрсеткіш - 13,6 пайызды құраған болатын.

 

Следующая →