Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қаладағы жылу жүйелері жаңғыртылмақ

Шығыс Қазақстан облысы мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы аймақтағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмыстары өз жалғасын табуда

Новости Казахстана / Экономика в Казахстане / Қаладағы жылу жүйелері жаңғыртылмақ
Фото:
ШҚО Ақпарат орталығы

Жақында облыс басшысы Даниал Ахметов пен Еуропалық қайта құру және Даму банкінің Қазақстандағы директоры Джанет Хэкман Өскемен қаласының жылумен қамту жүйесін жаңғырту жобасы бойынша алдын ала келісімге қол қойды.

ЕҚДБ Шығыс Қазақстанда аймақтық даму бағдарламасын жалғастырып, жылу жүйесін жаңарту жобасын іске асырмақ. Жалпы Өскемен қаласының жылумен қамту жүйесін жаңғырту жұмыстарына 5 млрд теңгеге дейінгі көлемде қаржы қарастырылған болса, келісімге сәйкес оның 3 млрд теңгесін ЕҚДБ бөлмек.

- Бұл 2014 жылы өзара серіктестікті дамыту мақсатында қол қойылған ҚР үкіметі мен ЕҚДБ-ның бірлескен бағдарламасының бір бөлігі болып табылады, - деді ЕҚДБ Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джанет Хекман. – Осыған орай біз Өскемен және Семей қалаларындағы жылу және су жүйелерін жаңартуға барынша атсалысудамыз.

Облыс орталығының жылумен қамту жүйесін жаңғырту жобасы аясында жылумен қамту желілерін салу мен толық жөндеу, құрылғылар мен арнайы техника сатып алу көзделген, жылу өлшеу құралдары орнатылмақ.

- Біз алдағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайынбыз. Банкпен бірлесіп істеген жұмыстардың нәтижесінде бүгін құны 28 млрд теңгеден астам бірнеше келісімге қол қойдық. Жақын уақытта жаңа жобалар іске асырылады деген сенімдемін, - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Айта кетейік, аталмыш жобаны қаржыландыруда Үкіметтік және жергілікті қор гранттары да кірістірілген.

Жоспарланған жоба жылу тасымалдаушы жүйелердің сапасын, қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жылумен қамту нысандарының жұмысын апатсыз орындауға және тұтынушыларға үздіксіз қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

ЕҚДБ арқылы 2016 жылдың соңына дейін қаржыландыруды жоспарлап отырған жобалардың жалпы құны 37,8 млрд. теңгені құрайды.

Следующая →