Пойыз таза болмаса, тасымалдаушыларға субсидия берілмеуі мүмкін
Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті теміржол бағытында қызмет көрсететін компанияларға талапты күшейтпек

Елімізде әлеуметтік маңызы бар тұрақты 110 пойыз қатынайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жолаушыларды тасымалдау қағидаларының талаптарын қатаң сақтау комитет назарында.
Жолаушыларға қызмет көрсету сапасы, пойыздардың жай-күйі мен тазалығы және талапқа сай стандарттық нормаларға байланысты субсидия беру мәселесін қарастыру жоспарға енгізілді.
Осы орайда айта кеткен жөн, жаз соңына дейін жауапты комитет қызметкерлері кесте бойынша жолаушылар пойыздарына тексеру жұмыстарын жүргізеді.