Ауылға қоныс аудармақшы болғандар бюджет қаражатын жымқырған
Абай облысына қоныс аударушылардың бірі алаяқтық жасап, бюджет қаражатын жымқырған
Абай ауданының прокуратурасы ерікті қоныс аудару бағдарламасына қатысушының бюджеттен 4 млн теңге жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мемлекет қоныс аударушыға тұрғын үйді сатып алуға, құрылысқа немесе ипотекалық несиелер бойынша бастапқы жарна үшін 1 160 АЕК-тен аспайтын ақшалай материалдық көмек көрсеткен, - деп хабарлады Абай ауданының прокуратурасы. - Анықталғандай, қоныс аударушы үй иесінен іс жүзінде баспана сатып алмай, жеке пайда алу үшін жылжымайтын мүлікті қайта тіркеу туралы жалған мәміле жасаған.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша аудан прокуратурасы бастаған сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, мемлекетке келтірілген залал өтелді.