DIDAR газетінің бас редакторы Президент қолынан марапат алды
Серік Әбілхан еліміздің журналистика және телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін мемлекеттік наградаға ие болды
Ғасырға жуық тарихы бар басылымның бас редакторы "Ерен еңбегі үшін" медаліне ие болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары саласы қызметкерлері күні қарсаңында журналистерді құттықтады.
Кездесуге осы салада жарты ғасырға жуық қызмет атқарған азаматтар, аймақтағы журналистиканың көшін бастаған тұлғалар, нағыз майталман мамандар жиналды.
Журналистика және телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, бірқатары ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығына, бірқатары БАҚ саласындағы грантқа, енді бірі арнайы алғысына ие болды.
Ақпарат құралдары – халықтың үні, ұлттың жаршысы, бұқараның рухани тірегі. Сондықтан журналистердің кәсіби тұрғыдан мықты болуы өте маңызды, бұл, тіпті, шешуші дүние. Журналистеріміздің көбі – жоғары деңгейдегі мамандар, олар елге адал, отаншыл азаматтар. Бұл мәселе бойынша ешқандай күмән жоқ. Осы миссияны сіздер абыроймен атқарып келесіздер, - деді Мемлекет басшысы.