Бұқтырма су қоймасының жағалауы қоқыстан тазартылды
AMANAT партиясының бастамасымен қолға алынған "Таза бейсебі" акциясы аясында Алтай ауданындағы Бұқтырма су қоймасының жағалауы қоқыстан тазартылды
Бұқтырма су қоймасының жағалауынан 1,2 тоннадан астам қоқыс жинақталып шығарылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Алтай ауданында "Таза бейсенбі" акциясын өткіздік. Осы және алдағы екі аптада біз бұлақтардың басы мен өзен, көлдердің жағалауларын қоқыстан тазартатын боламыз. Өзіміздің айналамыздың таза, ретті болуына бәріміз жауаптымыз. Сондықтан аталған акцияға белсенді қатысуға шақырамын, - деді AMANAT партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Аманбай Нуркенов.
Шараға депутатар, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, белсенді жастар, Алтай қаласының тұрғындары қатысты.
Мен өзіміздің ауданымыздағы демалыс орнының таза болғанын қалаймын. Сондықтан тазалық акциясына өз еркіммен үлес қосу мақсатында қатысып отырмын. Демалыс орындары мен жағажайлар таза болса, келуші қонақтар үшін де ыңғайлы. Алдағы уақытта да мен акцияға қатысамын және замандастарыма да шараның маңыздылығын айтатын боламын, - дейді белсенді қала тұрғыны Зарина Булкибаева.