Өскемен
ясно
+26°
  • Өскемен
    +26°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +26°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +18°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +27°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +30°
$
471.46
504.79
¥
64.92
5.53
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы жүлде қоры 253 млн теңге

Астанада өтетін көшпенділер ойындарына 2500 астам спортшы келеді деп күтілуде

Новости Казахстана / V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы жүлде қоры 253 млн теңге
Фото:
ОКҚ-дан

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ОКҚ ақпаратына сүйеніп.

Жарыстар 21 спорт түрі бойынша, оның ішінде жартысы қазақтың ұлттық спорт түрлері, қалғаны көптеген түркі елдерінің ұлттық спорт түрлері.

Ойындарға 89 елден делегациялар қатысатынын растады. 2500 астам спортшы келеді деп күтілуде, - деді ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев. - Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарында тұрған спорт нысандары пайдаланылады. Негізгі 7 спорт нысаны. "Астана Аренада" жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтеді, Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен жарыс өтеді, жеңіл атлетика манежі – аккредитациялауға арналған. Сондай-ақ, Ұлттық ат спорты түрлерін өткізу үшін "Қазанат" ипподромы реконструкциядан өткізіліп жатыр. "Думан" қонақ үйінде тоғызқұмалақ, мангала және т.б. спорт түрлерінен жарыстар өтеді.

Сонымен қатар, шара аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жүлделердің жалпы сомасы 253 млн теңгені құрайды. Әр спорт түрі бойынша жүлделер жеке беріледі. Командалық спорт түрлері – бұл ең алдымен көкпар және көк-бору. Жеңімпаз командаға 10 млн теңге, екінші орынға 6 млн теңге, қола жүлдегерге 4 млн теңге табысталады. Жеке спорт түрлерінде жеңімпаздар 500 мың теңгеден алады, екінші орын иеленгендер 300 мың теңгеден, қола жүлдегер 200 мың теңгеден алады, - деді Серік Жарасбаев.

Ат спорты түрлерінде жүлделер біршама көп: бәйге жеңімпазына 2 млн теңге, жорға, құнан бәйге, топ бәйге жарыстарында 3 млн теңгеден, аламан бәйгеде 5 млн теңгеден беріледі.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары үшін арнайы бірегей медальдар әзірленген.

Следующая →