Қазақстан-Өзбекстан шекарасында кептеліс пайда болды
Шекарадағы бірнеше өткізу пунктілері жөндеу жұмыстарына байланысты жабық
ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы жекелеген өткізу пунктерінде адамдар мен көлік құралдарының жиналуы тіркеліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Атап айтқанда, "Жібек жолы" өткізу пунктінде бұл іргелес аумақтағы "Гишт Куприк" БӨП-те құрылыс жұмыстары мен жол төсемінің кеңейтілуіне байланысты, - деп мәлімдеді ҰҚК Шекара қызметі. - Сондай-ақ қазақстандық "Тәжен", "Атамекен" және "Қазығұрт" шекаралық өткелдерінде қайта жаңарту жүргізілуде, ал "Қапланбек" бақылау өткізу пункті осы себептермен жабық.
Мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істеуде.
ҰҚК Шекара қызметі жолаушылардан өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.