"Қазақфильм" ұлттық киностудиясының вице-президенті сотталды
Ол мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген болатын
Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ бұрынғы вице-президенті Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ол Алматы облысы Іле жағалауындағы "Көшпенділер" киножобасы шеңберінде салынған "Түркістан қаласы" бутафорлық бекінісін заңсыз іске асыру арқылы, нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен мемлекетке залал келтіре отыра жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.