Өскемен
малооблачно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +29°
  • Актау
    +28°
  • Орал
    +27°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +27°
  • Шымкент
    +29°
$
472.57
+0.74
508.34
+2.68
¥
64.97
+0.08
5.4
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да студенттердің аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін WorldSkills Shygys 2024 және AgroSkills Shygys 2024 аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да студенттердің аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды
Фото:
Устинка LIVE

"WorldSkills" қозғалысының мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл чемпионат жас мамандардын кәсіби дағдыларын дамытуға, еңбек нарығында үздік және сұранысқа ие болу мүмкіндігін арттыруға ықпал етеді. 22 жасқа дейінгі студенттер 30-дан астам құзыреттілік бойынша үш күн бойы сайысқа түседі.

Чемпионатқа Шығыс Қазақстан облысының студенттері 2016 жылдан бері қатысып келеді. Бастапқыда 6 құзіреттілік бойынша 35 студент қатысқан еді. Бүгінгі күні 33 құзіреттілік бойынша 140-там астам студент қатысып отыр. Бүгінгі таңда қатысушылар саны да, құзыреттілік саны да айтарлықтай артқанын байқауға болады. Бұның барлығы өңірдегі колледждердің басшылары мен ұжымының белсенді жұмыстарының нәтижесі. Жеңімпаздар қараша айында өтетін республикалық кезеңде шығыстың намысын қорғайтын болады. Қатысушыларға үш күн бойы өтетін чемпионатта сәттілік серік болсын. Ең мықты, ең білімді, ең білікті жастардың жеңіске жетуіне тілектеспін, - дейді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбекқызы.

Сайыстар Өскемен қаласындағы құзырет орталықтарының, жетекші колледждердің және 1 жоғары оқу орнының базасында өтеді. Қатысушылардың жұмысын кәсіпорындардың жетекші мамандары, колледждердін өндірістік оқыту шеберлері мен тәлімгерлері бағалайды.

Чемпионат жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар бірнеше жыл бойы алған тәжірибесін көрсете біледі деген сенімдемін. Қатысушыларға ешқандай қиындықтарма мойымай, алаңдамай, тек жеңіске талпыну керектігін естеріне саламын. Ал біз сарапшы ретінде барлық жұмыстарға кәсіби тұрғыдан қарап, әділ бағамызды қоюға ант етеміз, - деді "электр-монтаж жұмыстары" құзыреттілігі бойынша бас сарапшы Али Мударов.

Студенттер үш күн бойы өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсететін болады, ал сарапшылар барлық тапсырмалардың орындалу сапасын бақылайды және бағалайды.

Аймақтық чемпионаттың жеңімпаздары ағымдағы жылдың қараша айында Астана қаласында өтетін "WorldSkills Kazakhstan 2024" республикалық чемпионатына қатысу құқығына ие болады.

Мен былтыр республикалық чемпионатта "мобильді қосымшалар жасау" құзыреттілігі бойынша 1-орын алдым. Ол мен үшін күтпеген қуаныш еді. Бір жағынан дайындығым тиянақты болғандықтан жеңіске деген үміт те жоқ емес еді. Әр модульді жасауға ұзақ уақыт жұмсадым. Аймақтық кезең алғашқы кезең болғанымен, бұл кезеңге келгендердің өзі қатарластарынан әлдеқайда озық, ең үздік екендерін көрсете білгендер. Қатысушыларға сәттілік тілеймін, ең мықты жеңіске жетсін! - дейді "Мобильді қосымшалар жасау" құзіреттілігі бойынша республикалық чемпионат жеңімпазы Константин Иванин.

Следующая →