Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Құрбан айт мерекесі 17 маусым, яғни, дүйсенбіге түсіп тұрғанын хабарлаған

Новости Казахстана / 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні
Фото:
Устинка LIVE

Алайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мерекенің бір күн бұрын, яғни 16 маусымда басталатынын жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бүгін һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 15 маусымға сәйкес келеді. 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні, - деп жазды мүфтият өзінің ресми сайтында. - Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады. Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-ында айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді.

Демалыс күндеріне сай келетін діни мерекелер жылжытылмайды. Ал 16 маусым – жексенбіге түсіп тұр. Яғни, қазақстандықтар үшін 17 маусым – жұмыс күні.

Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет. Алла Тағала қасиетті Құранда: "Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал" ("Кәусар" сүресі, 2-аят) деп бұйырған.

Следующая →
Тақырыптар: Құрбан айт 16 маусым ҚР