Қазақстанда адам саудасының 49 фактісі анықталды
Оның ішіндегі тоғыз факт кәмелетке толмағандарға қатысты
Негізінен жас қыздарды сексуалдық құлықта ұстау және адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР ІІМ ақпаратына сүйеніп.
ҚР ІІМ 22-24 мамыр аралығында "STOP-трафик" жедел-алдын алу шараларын жүргізді.
Адамдар саудасымен байланысты заңға қайшы әрекеттерді жүзеге асырған күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету деректері бойынша үш сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Мысалы, Астана қаласында тоғыз "элиталық" монша кешенінің аумағында жас қыздарды мәжбүрлеп сексуалдық құлдықта ұстаған 17 адамнан тұратын тқылмыстық топ анықталды. 30-дан астам тінту іс-шарасы өткізіліп, ақша және алты автокөлік тәркіленді. Негізгі фигуранттар қамауға алынды.
Шымкент қаласында да осыған ұқсас ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Мұнда жалпы сомасы 1 млн теңге және 16 мың АҚШ долларынан астам қаражат, 10 автокөлік тәркіленді. Топ жетекшілері мен мүшелері қамауға алынды.
Петропавл қаласында 2023 жылдан бастап зорлық-зомбылық пен бопсалау арқылы жас қыздарды жыныстық құлдықта ұстаған қылмыстық топ әрекет еткен.
Сонымен қатар, бірқатар өңірде әлеуметтік осал топтардан шыққан адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеу фактілері анықталды.
Қарағанды қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға қоқан-лоққы және күш көрсетіп, оларды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, "бизнес" ұйымдастырған адамдар тобы ұсталды. Қылмыскерлер өз құрбандарының есебінен жылына 10 млн теңгеге дейін табыс тауып отырған. Осыған ұқсас қылмыстық топтардың әрекеттері Ақтөбе, Алматы және Маңғыстау облыстарының аумағында әшкереленді. Онда мүгедектер мен жас балаларды базарлар мен вокзалдар аумағында пайдаланған. Барлық қылмыскерлер құрықталды. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі, – деді Қуандық Алпыс.