Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Үлескерлік құрылыс арқылы үй алғанда нені ескеру керек?

Қазіргі уақытта Өскемен қаласында 57 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

Усть-Каменогорск и ВКО / Үлескерлік құрылыс арқылы үй алғанда нені ескеру керек?
Фото:
Устинка LIVE

Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 12 КЖТ, коммерциялық қаражат есебінен 45 КЖТ (31 тұрғын үй кешені), деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы ақпараты бойынша, бүгінгі таңда 6 тұрғын үй кешенін салу үшін құжаттардың толық пакеті жоқ. Оның 3-еуі шұңқыр кезеңінде тоқтатылды ("Astoria" ТК, "Asyl Tau" ТК, "Шаңырақ" ТК), 3 тұрғын үй кешені бойынша сот талқылаулары жүргізілуде ("Grand Residence" ТК-Красин көшесі, 11 В, "AB-Residence" ТК, "Krilova" ТК-Крылов көшесі, 70/1).

Осы орайда айта кетейік,  елде әлі күнге түйіні шешілмей тұрған өткір проблеманың бірі – үлескерлік құрылыс жайы. Бұл ұғым елде 2000 жылдардың басынан бері пайда болды. Үлескерлік құрылыс деген – құрылысы аяқталмаған, көбінесе тіпті әлі салынбаған құрылысқа болашақ сатып алушыларды тартып, олардың қаржысын пайдаланып, құрылыс жүргізу. Яғни, құрылыс компаниясы пәтер алғысы келетін адамнан баспананың кем дегенде жарты құнын алдын ала алады, ал қалған қаржыны құрылыс аяқталғанша кесте бойынша төлеуге міндеттейді. Бұл жердегі халыққа пайдалы тұсы – әлі салынбаған үй құны дайын үйлерден әлдеқайда қолжетімді болмақ. Бірақ қауіпті тұсы да жоқ емес. Мәселен, түлі алаяқ компанияларға алданып қалу, құрылыстың аяқталмай тоқтап қалуы, құрылыс компаниясының банкротқа ұшырау қаупі өте жоғары. Яғни, құйған қаржыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін. Егер құрылыс компаниясы жергілікті әкімдіктер арқылы үлестік құрылысқа рұқсат алмаған болса, бұндай жағдайда заң да ештеңе істей алмайды.

Мәселен, Өскеменде азаматтардың сенімін пайдалана отырып, сомасы 1 млрд 118 млн теңгені құрайтын 84 адамның ақшалай қаражатын иемденіп кеткен компания барын көбі естіген. ЖШС басшысы былтыр қамауға алынған болатын. Қылмыстық іс аяқталуға жақын.

ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы ақпараты бойынша, қазір Өскеменде заңды түрде, рұқсат құжаттарымен үлескерлердің қаржысын тарта отырып салынып жатқан екі-ақ тұрғын-үй кешені бар. Олар: "Жаным" ТК мен "Diamond" ТК.

Облыста үлескерлердің қаражатын тартудың заңдылығын бақылау тұрғысынан тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында "Grand Residence", "Ray residence", "Tumar Towers Oskemen", "AB-Residence" тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді сату туралы ақпаратты жарнамалайтыны анықталды, алайда осы тұрғын үй кешендеріне үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат жоқ, - дейді мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциялау бөлімінің басшысы Самат Қайырдинов.

2023 жылдың қорытындысы бойынша, 8 ұйым "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 320-бабы бойынша, "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Салынып жатқан тұрғын үйден тұрғын пәтер сатып алуды жоспарлау кезінде "ҚЖК" АҚ Тұрғын үй порталының сайтында (homeportal.kz) құрылыс компаниясының үлескерлерден ақша тартуға тиісті рұқсатының бар-жоғын әр адам бетінше тексере алады. Брондау шарттары заңсыз болып табылады және тұрғын үй алуға кепілдік бермейді (оның ішінде оларда көрсетілген мерзімде), - деп ескертеді Самат Ерболатұлы. - Көбінесе құрылыс салушылар тұрғын үйлердің жоғары класын (премиум класс) жарнамалайды және сатады, бірақ жобалық құжаттамаға сәйкес тұрғын үй класы жарнамаға сәйкес келмеуі мүмкін. Осыған байланысты, пәтерлерді сатып алу кезінде жарнамалық деректермен шектелмей, ресми құжаттарды (мемлекеттік сараптаманың қорытындысы, келісілген эскиздік жоба) басшылыққа алуды ұсынамыз.

Следующая →