Өскемен
ясно
+26°
  • Өскемен
    +26°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +26°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +18°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +27°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +30°
$
471.46
504.79
¥
64.92
5.53
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ахмет Байтұрсынов туралы жаңа фильм жарыққа шығады

Толықметражды тарихи драма  Ақаңның сұлу да қасіретті тағдырының көпке мәлім және беймәлім қырларын паш етеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Ахмет Байтұрсынов туралы жаңа фильм жарыққа шығады

Мамырдың 23-інен бастап еліміздің кинотеатрларында "Соңғы үкім" толықметражды көркем фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл фильм бар болғаны бастауыш мектеп мұғалімі білімін алған, бірақ Ресей империясы мен Европаның айтулы университеттерін тәмамдаған білімпаз қазақ зиялыларының алғашқы толқыны "ұстаз" деп мойындаған әзіз тұлға туралы. Бұл фильм ана тілінің қыр-сырын танып, жоқ жерден терең ғылым жасаған, сол тілді туған елінің өнер-білім игеріп, озық жұрттың қатарына іліну жолындағы құралы етуге бар білігі мен қайратын жұмсаған ғажайып ғалым туралы. XX ғасырдың бас шеніндегі ірі түрколог ғалымдар оны өздеріне тең тұтқанмен, ол мұғалім деген сөзді өзі үшін ең құрметті атақ деп білді.

Қарапайым ауыл мұғалімі өз елінің теңдігі мен хақысын талмай жоқтаған күрескерге, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың сөзімен айтқанда, "Өз сенімінің қайтпас қайсар пайғамбарына, алғашқы ұлт газеті "Қазақтың" редакторы һәм негізін қалаушы, шығарушысына" қалай айналды? Күрестің зорлықтан тысқары, бейбіт жолын ұстанған ізгінің алты рет абақтыға қамалып, екі мәрте жер аударылып, екі рет өлім жазасына кесілуінің сыры неде? Қандай ғұмыр кешті, неге сенді, нені көкседі, достары кім еді, не үшін күйді, қалай сүйді? "Соңғы үкім" кинотуындысы осыны өзек етеді. Көрерменнің көз алдында ұлы тұлға өмірінің ең бір қияпатты бұрылыс-бұрмаларынан елес беретін көріністер тіріледі. Басына небір қиындық түссе де, аласапыран заман тезінен адамшылық қалпын жоғалтпай, айнымай өтіпті.

Кинотуындыны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Folklore media студиясы түсірді.

Фильм Алматы, Семей қалалары мен Абай, Алматы, Жетісу облыстарының жерінде түсірілді.

Тарихи драманың режиссерлері: Ерген Тоқмырзин, Ерлан Нұрмұхамбетов. Басты рөлде Азамат Сатыбалды, сондай-ақ Назгүл Қарабалина, Дәурен Серғазин сынды танымал әртістер ойнайды.

Следующая →