Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Шаңырақ" бейнероликтер байқауы жарияланды

Мәдениет және ақпарат министрлігі этножурналистика саласындағы "Шаңырақ" шығармашылық байқауын жариялады

Новости Казахстана / "Шаңырақ" бейнероликтер байқауы жарияланды
Фото:
pixabay.com

Байқауға журналистер, бейнеоператорлар, студенттер, мобилографтар, блогерлер және бірегей бейнеконтент жасаумен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Байқауға мемлекеттік және орыс тілдерінде телеарналарда, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, оның ішінде Instagram, YouTube, TikTok, Facebook-те ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 1 қыркүйекке дейін жарияланған бейнероликтер қабылданады.

Байқау шарты бойынша, материалдар мына мазмұны төмендегідей болуы керек:

  • күнделікті өмірдегі этносаралық қарым-қатынастың жағымды үлгілері туралы бейнематериалдар дайындау (жұмыс ұжымдарында, оқу, кәсіпкерлік, қиын өмірлік жағдайларда өзара көмек көрсету, этносаралық достық пен неке үлгілері, бірлескен қоғамдық іс-шаралар, әскери және мемлекеттік қызмет және т.б.) ;

  • этностық топтар арасында мемлекеттік тілді үйренуді насихаттау, мемлекеттік тілді Қазақстан этностарының интеграциясының тиімді құралы ретінде көрсету;

  • қоғамда жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім құндылықтары тақырыптарын жариялауда және оны ілгерілетуде әлеуметтік желілердің рөлін арттыру;

  • халық арасында, оның ішінде түрлі этностар арасында азаматтық құндылықтарды, құқықтық сауаттылықты насихаттау және дамыту;

  • азаматтық қоғам өкілдерін этносаралық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету бойынша жұмысқа тарту, этносаралық коммуникациялар мен өзара бірлескен қызмет туралы жағымды тұрғыда жариялау.

Жұмыстар ағымдағы жылдың 5 қазанына дейін қабылданады.

Республикалық Байқауға қатысу үшін қатысушылар өтінімдерді түпнұсқада пошта арқылы DVD, CD форматындағы дискідегі материалдарды қоса отырып, флеш-тасығышта Ұйымдастырушының пошталық мекенжайына не толық пакетте электрондық түрде (сканерленген өтінімді pdf форматында қоса бере отырып) baspasoz@qkelisim.kz электрондық мекенжайына ("Шаңырақ конкурсына" белгісі бар) 2024 жылдың 5 қазанына дейін жібере алады, - деп хабарлады ұйымдастырушылар. - Байқаудың қорытындысы және үздік жұмыстары/жобалары үшін жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың IV тоқсанында өтеді.

Байланыс телефондары + 7 7172 75 12 23, 8 705 301 49 78. E-mail:baspasoz@qkelisim.kz.

Следующая →