Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тасқынның салдарын жоюға 140 млрд теңге бөлінген

Бұл Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлардан бөлінген сома

Новости Казахстана / Тасқынның салдарын жоюға 140 млрд теңге бөлінген
Фото:
ҚР ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексеретін болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды пайдалануды зерделеуі қажет, - деп тапсырды ҚМА төрағасы Дмитрий Малахов.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

ҚМА басшысы орын алған су тасқыны салдарды жою үшін бөлінген ақшаны мақсатты пайдалану мен көмек зардап шеккен барлық азаматтарға нақты жетуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Осылайша, қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылды. Алдын ала есеп бойынша залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты. Бұл қаражат бұдан бұрын гидроқұрылыс нысандарының қызметін қамтамасыз етуге бөлінген болатын.

Сонымен қатар, алдын алу жұмыстары зардап шеккендерге көмектесу үшін ақша жинауды жариялайтын алаяқтарға қарсы тұруға бағытталатын болады.

Бағаның өсуіне жол бермеуге ерекше назар аудару тапсырылды. Ол үшін азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттар бағасының мониторингі жалғасатын болады.

Агенттік, сонымен қатар, құрылыс материалдарының бағасымен алыпсатарлық тәуекелдерін алдын алу қызметін де жандандырады.

Анықталған фактілермен күрес аналитикалық құралдарды пайдалана отырып жүргізілетін болады.

Следующая →