Павлодарда полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті
Павлодар қаласында учаскелік инспектор жаяу жүргіншіні қағып кеткен
Фото:
kovrov33.ru
«ЖКО жұма күні таңертең қаланың орталық көшелерінің бірінде орын алған. 58 жасар ер адам жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан. Полицей оқиға орнына жедел жәрдем шақыртқан», - деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Шетел автокөлігінің тізгінінде 24 жасар полицей қызметкері болған. Учаскелік қызметте бес жыл жұмыс жасаған.
Аталмыш фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда инспектор қамауға алынды.