Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

7 мыңнан астам адам құмар ойыннан өз еркімен бас тартты

18 наурыздан бастап еліміздегі азаматтар онлайн түрде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан өз бетінше шектеу қоя алады

Новости Казахстана / 7 мыңнан астам адам құмар ойыннан өз еркімен бас тартты
Фото:
pexels.com

Ал қағаз форматында құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан 3 мыңнан астам адам өздерін шектеді, деп Устинка LIVE тілшісі ҚР Туризм жəне спорт министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Ағымдағы жылдың 18 наурызынан бастап ҚР азаматтары мен резиденттерін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан өз бетінше шектеу жөнінде онлайн қызмет пилоттық режимде іске қосылды. 1 сәуірдегі жағдай бойынша "eGov mobile" мобильдік қосымшасы арқылы қызметті Қазақстанның 7 мыңнан астам азаматтары мен резиденттері пайдаланды.

Онлайн форматтағы жаңа қызмет қағаз нұсқадағы жазбаша өтінішке қарағанда өтініштерді өңдеу мерзімін едәуір қысқартады және құмар ойындарға қатысудан өзін-өзі шектеу рәсімін жеңілдетеді. Бұл барлық азаматқа, ең алдымен құмар ойындармен шектен тыс әуестенетін тұлғаларға барлық лицензияланған ойын мекемелері мен букмекерлік кеңселердің заңды сайттарына кіруге лезде тосқауыл қоюға мүмкіндік береді, - деді Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев.

Әлеуетті өтініш берушілердің назарын құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын өз бетінше бас тартқысы келетін тұлғалар өтінішті дербес ЭЦҚ пайдалана отырып, өздігімен беруі тиіс екендігіне аударамыз. Өтінішті үшінші тұлғалар бере алмайды.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін Туризм және спорт министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп егжей-тегжейлі бейне нұсқаулық әзірледі, ол "eGov mobile" мобильді қосымшасында және Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолжетімді болады: https://youtube.com/shorts/WOXrhFSNS00?feature=shared

Сонымен қатар, цифрлық сервиспен қатар ҚР азаматтары мен резиденттері үшін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан өзін-өзі шектеу туралы жазбаша өтінішті (қағаз нысанда) ойын бизнесін ұйымдастырушылары арқылы беру мүмкіндігі сақталады.

Следующая →