Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Татарстанға жасалған шабуылға Қазақстанның қатысы жоқ

Татарстан Республикасының нысандарына шабуыл жасаған құрылғылар Қазақстаннан ұшырылды деген ақпарат тарады

Новости мира / Татарстанға жасалған шабуылға Қазақстанның қатысы жоқ
Фото:
ҚР Қорғаныс министрлігі

ҚР Қорғаныс министрлігі осыған байланысты ресми жауап берді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Кейбір Telegram-каналдарда Татарстан Республикасының объектілеріне шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігі. - Мұндай жалған мәлімет Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған. Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына таралған қауесеттерге мән бермеуін және тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз.

Айта кетейік, кеше Ресейдің Татарстан Республикасының Алабуга және Нижнекамск облыстарындағы кейбір бизнес ғимараттарына ұшқышсыз ұшатын аппараттармен шабуыл жасалған. Орыс баспасөзіндегі және жергілікті ақпарат көздеріне негізделген хабарда көптеген адамның жарақат алғаны, кейбір ғимараттардың зақымданғаны атап көрсетілді.

Ал Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Андрей Гурулев Татарстанға шабуыл жасаған украиндық дронды Орта Азия даласынан ұшыруға болатындығын жоққа шығармады.

Осыдан кейін Telegram-каналдарда құрылғылардың Қазақстаннан ұшырылғаны туралы жалған ақпарат тарады.

Следующая →