Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандық 1414 Бірыңғай байланыс орталығы халықаралық деңгейде мойындалды

"Азаматтарға арналған үкіметтің" Бірыңғай байланыс орталығы CСGuru Awards/Хрустальная гарнитура халықаралық сайысында "Халыққа арналған үздік байланыс орталығы" номинациясын жеңіп алды

Новости Казахстана / Қазақстандық 1414 Бірыңғай байланыс орталығы халықаралық деңгейде мойындалды
Фото:
egov.kz

Сайыстың марапаттау рәсімі Мәскеуде өткен. Оғане 440-тан астам үміткер қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ ақпаратына сүйеніп.

Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің 150-ден астам байланыс орталықтары үздік атағына таласты. 2024 жылдың қаңтарында 1414 финалға шығып, ақпан айында CCGuru Awards қазылар алқасының мүшелерін Бірыңғай байланыс орталығының кеңсесінде қабылдаған болатын. Байқау комиссиясының өкілдері орталықтың жұмысымен және ақпараттық жүйелермен танысты.

Айта кетер болсақ, CСGuru Awards/Хрустальная гарнитура 15 жылдан астам уақыт бойы құзырлы қазылар алқасының шешімімен жыл сайын байланыс-орталық индустриясының және клиенттермен қашықтықтан өзара әрекеттесудің үздіктеріне беріледі. Марапат кәсіби қоғамдастықтың жоғары жетілу және даму деңгейін мойындауын көрсетеді, байланыс орталықтарында клиенттермен қашықтықтан өзара әрекеттесу саласындағы қатысушылардың жоғары жетістіктері мен нәтижелерін растайды.

Бірыңғай байланыс орталығы Мемлекеттік корпорацияның құзырына 2021 жылы өткен болатын, - деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ. - Мамандар азаматтарға аудио-бейне байланыс, сондай-ақ онлайн чат және электрондық пошта арқылы 1354 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес береді. Сонымен қатар, желіде азаматтарға кеңес беріп қана қоймай, кейбір мемлекеттік қызметтерді, соның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығында кезекке тұруды да ұсынатын робот жұмыс істейді. Қосымша айтар болсақ, жыл басынан бері байланыс орталығына 7,2 миллионнан астам қоңырау түскен.

Следующая →