Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Етті шөппен ыстау әдісін көріп пе едіңіз?

Абай ауданының тұрғыны етті ерекше әдістермен сүрлейді

Новости Казахстана / Етті шөппен ыстау әдісін көріп пе едіңіз?
Фото:
pexels.com

Жарқын Жәукен - Абай ауданының Көкбай ауылының тұрғыны әрі мектеп директоры, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі 24KZ арнасына сілтеме жасап.

Ол атадан қалған әдіспен тек ет сүрлеп қоймай, ауыл балаларын қолөнерге де баулиды.

Жарқын Тұрсынғалиұлы етті кептіру арқылы және ыстау арқылы сүрлейді. Ет сақтауға арналған арнайы шошаласы да бар. Шошалада негізінен ысталған ет сақталады. Жарқын Жәукен мұндағы етті суық күйінде ыстау әдісімен сүрлейді. Басты талап - бөлме іші салқын әрі бірқалыпты температура болуы керек.

Ыстаймын деп мұның ішіне жылу кіргізуге болмайды. Жылу кіргізсе, ет бүлініп кетеді. Сондықтан бірқалыпты температурада сақтаймыз. Ұзақ сақталады. Дәрумендері бойында, дәмді. Сұранысқа ие деп айтуға боп тұрған қазіргі ұлттық тағамдардың бірі ғой сүр ет, - дейді Жарқын Жәукен.

Көкбай ауылының тұрғыны көбіне жылқы мен қой етін сүрлейді. Ерекше әдіспен әзірленген етке құда түсушілер көп. Кейде жылына 3-4 бас мал союға тура келеді екен.

Етті кептіргенге көктем қолайлы. Ең бастысы, күн түспейтін жерде сақтаған ләзім. Ал етті ыстағанға жеміс ағашын пайдаланамын. Мен өзім долана, мойыл, қайың жапырақтары, қабықтары, аршаны пайдаланамын. Тобылғымен ыстауға болады. Ол қышқылдау болады, -дейді ауыл ақсақалы.

Айта кетейік, Жарқын Жәукен – ауылдағы мектептің директоры. Қолөнерге де жаны құмар. Қолы қалт еткенде елді мекеннің балаларын қайыстан таспа тіліп, өрме өруге баулиды.

Көкбай ауылында Қарауылдағы балалар көркем сурет мектебінің филиалы жұмыс істейді. Оған 40-қа жуық оқушы қатысады. Ал өрме қосымша сабақ ретінде оқытылады.

Следующая →