ШҚО ТЖД мамандары ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді
Жыл басынан бері құтқарушылар төтенше жағдайға тап болған 18 балаға көмекке барған
Балалар, әдетте, есіктері құлыптанып қалған үйлерде жалғыз қалып қалады, конструкцияларда кептеліп қалады, құтқарушылар түтін алған пәтерлер мен үйлерден эвакуациялап жатады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ал бірнеше күн бұрын Өскеменде екі бала өзен жағасында ойнап жүріп, бөлінген мұз үстінде қалып қойған болатын.
Құтқарушылар кішкентай бабалардың терезеден құлап кету жағдайлары да аз емес екенін айтады. Өткен жылы үлкендердің балаларын қараусыз қалдыруы салдарынан 8 жазатайым оқиға орын алды, - деді ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаев.
ШҚО ТЖД құтқарушылары ата-аналардан балаларын жалғыз қалдырмай, үнемі назарда ұстауын ескертеді.
Кішкентай баланы бөлмеде жалғыз қалдырсаңыз, терезенің жабық тұрғанын қадағалаңыз, - дейді құтқарушылар. - Терезелерге арнайы қорғаныс механизмдерін орнатыңыз. Балалардың су қоймаларында және мұзда ойнауына жол бермеңіз.
Төтенше жағдай кезінде дереу 112 нөміріне хабарласу керек.