Қазақстаннан Париж Олимпиадасына 5 боксшы барады
Италия төрінде қазақ боксшылары олимпиаданың 5️ жолдамасын жеңіп алды
Фото:
instagram/qaz_olympics
Кеше бокстан Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Спортты дамыту дирекциясы ақпаратына сүйеніп.
49 Олимпиада жүлдесі сарапқа салынған турнирде Қазақстан атынан 11 боксшы (6 ер, 5 әйел) ел намысын қорғады.
Ерлеріміз 22 мәрте шаршы рингте өнер көрсетіп, 21-інде жеңіске жетті.
Нәтижесінде ерлеріміз 5 жолдаманы жеңіп алды:
- 51 келі. Сәкен Бибосынов (Әлем чемпионы)
- 57 келі. Махмұд Сабырхан (Әлем чемпионы)
- 63,5 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
- 71 келі. Асланбек Шымбергенов (Әлем чемпионы)
- 80 келі. Нұрбек Оралбай (Әлем чемпионы)
- 92 келі. Айбек Оралбай (Азия чемпионы)