Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

2 миллионнан астам қазақстандықтың дербес деректері тарап кетті

"Zaimer.kz" ("МҚҰ "Робокэш.кз" ЖШС) микроқаржы ұйымы өз клиенттерінің жере деректерін таратып жіберген

Новости Казахстана / 2 миллионнан астам қазақстандықтың дербес деректері тарап кетті
Фото:
pixabay.com

Бұл туралы азаматтарға EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы ескерту келіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпаратына сүйенсек, бұны 5 наурызда "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ анықтады.

Жалпы, Robo.finance платформасында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары клиенттерінің 36 млн-нан астам (РФ - 23,6 млн (zaimer.ru – 16.8 млн, adengi.ru - 6.8 млн); Филиппин - 5 млн (digido.ph); Вьетнам - 2 млн (vietloan.vn) деректері анықталды.

Осылайша, жеке деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне сүйене отырып, ЦДИАӨМ EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы азаматтарды хабардар етіп, ақпараттың шығуының жағымсыз салдарын барынша азайту мақсатында ұсыныстар жіберді.

Егер сіз хабарлама алған болсаңыз және "МҚҰ Robokesh.kz" ЖШС-ның жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім бермеген болсаңыз, онда бұл жағдайда кінәлі тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті шараларды толық қарастыру және қабылдау үшін Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жүгінуіңізді сұраймыз, - делінген ҚР ЦДИАӨМ ақпаратында.

Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабына және 641-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін атап өткен жөн.

Ұсыныстарды біздің веб-сайттағы сілтеме бойынша таба аласыз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/article/details/147792?lang=kk
Следующая →