Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +19°
$
439.4
-0.03
473.54
+0.23
¥
60.82
-0.16
4.76
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Бүгін күллі мұсылман қауымына парыз етілген ораза айы басталды

Новости Казахстана / Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Фото:
t.me/aqorda_resmi

2024 жылы қасиетті Рамазан айы (Рамадан) 11 наурызда басталып, 9 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Қымбатты отандастар! Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! - деді Президент. - Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша. Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл.

Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді.

Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Кемелұлы. - Ораза қабыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, толайым табыс тілеймін!

Следующая →