Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО әкімі облыстың әр өңірінен келген нәзік жандармен кездесті

Облыстың барлық қалалары мен аудандарынан түрлі салада еңбек етіп жүрген отыздан астам қыз-келіншек мереке қарсаңында Өскеменге шақыртылды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО әкімі облыстың әр өңірінен келген нәзік жандармен кездесті
Фото:
ШҚО әкімдігінен

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев облыстың барлық қалалары мен аудандарының нәзік жандыларымен кездесті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шай дастарханы басындағы бейресми кездесуде өңір басшысы ханымдармен еркін тілдесті. Әрқайсысына көңіл бөле отырып, олардың туған ауылындағы мәселелер жайында да әңгімелесті.

Қымбатты ханымдар, Сіздерді көктемгі мереке – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мен сіздермен осы тамаша мереке қарсаңында кездескеніме өте қуаныштымын және сіздерге және отбасыларыңызға бейбітшілік, амандық және өркендеу тілеймін. Баршаңызға еңбегіңіз бен қосқан үлесіңіз үшін зор алғысымды білдіремін, - деді облыс әкімі Ермек Беделбайұлы.

Кездесуге 30-дан астам қыз-келіншек қатысты. Олардың барлығы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Әкіммен кездесуге шақыртылған Айнұр Еркінқызы 5 жыл бұрын Өскемен қаласында логопедия және дефектология орталығын ашқан. Қазір орталықтағы мамандармен бірге кембағал балаларға көмек көрсетіп келеді.

Орталыққа әзірге 20-25 бала келіп жүр. Өз қаражатымызбен ашылғандықтан әзірге шағын ғана орталық. Қазіргі таңда өзіміздің әлеуметтік жобамыз, бағдарламамызды дайындап жатырмын. Сол арқылы орталығымызды кеңейтуге ниеттімін, - дейді Айнұр Еркінқызы.

Қадірлі меймандардың қатарында "Үміт" балалар үйінің директоры Майра Баймұханова да бар. 

Облыс әкімінің ұйымдастыруымен өткен шара ханымдар көңілінен шықты деп ойлаймын. Әрине, көңілде қобалжу да бар. Бір жағынан қонақтар тізімінде боламын деп ойлаған жоқпын. Еңбегіміз бағаланып, істеген ісіміз Президент тарапынан бағаланғаны мақтанышпен айтуға тұрарлық деп санаймын. Алғаш хабарласып айтқанда: "Мен бе, мен емеспін бе?" деп таңданғаным рас. Біз сияқты ұстаздарды елеп-ескерген Мемлекет басшысына алғысым шексіз. Тәрбиесіз білім болмайды дейді. Қазіргі ұрпақтың рухани бай болуы ұстаздарға да байланысты. Осы ретте облыс әкімі жұмысымызды лайықты бағалап жатыр, - деді "Үміт" балалар үйінің директоры Майра Баймұханқызы.

Ал бір күн бұрын қонаққа келген қыз-келіншектерге Өскемен қаласы бойынша экскурсия ұйымдастырылған. Ханымдар балалар шығармашылығы үйінде, ұлттық садақ ату клубында, қолданбалы өнер мұражайында және театрда болды.

Следующая →