Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Елдегі 500 мыңға жуық студенттің кредиті бар

Кей банктер жұмысы жоқ болса да 18 жасқа толғандардың барлығына тұтынушылық кредит беріп келген

Новости Казахстана / Елдегі 500 мыңға жуық студенттің кредиті бар
Фото:
pexels.com

Енді тек шәкіртақысы не жалақысы бар студенттерге ғана берілмек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.

Қазіргі уақытта 18-20 жас аралығындағы 480 мың, шамамен 500 мың адамның тұтынушылық кредиті бар. Оның ішінде проблемалық кредиті бар адамдар саны - 47 мың жас, - деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

Оның атап өтуінше, бүгін Мәжілісте 1-оқылымда мақұлданған "Кейбір заңнамалық актілерге кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында жастарға тұтынушылық кредит беруді шектеу тетіктері қарастырылған.

Бұрын олар ресми түрде табысы болмаса да кредит ала беретін. Енді шәкіртақысы не жалақысы, яғни ресми табысы болса ғана беріледі. Жалпы, кредит алу - адамның конституциялық құқығы. Дегенмен, оның табысына байланысты шектеу қоя аламыз, - деді Мәдина Әбілқасымова.

Следующая →