Өскемен
пасмурно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +25°
$
441.41
+0.51
477.78
+1.83
¥
61.12
+0.17
4.84
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлттық ұлан сарбаздары екі жүзге жуық литр қан тапсырды

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты №6699 әскери бөлімінің сарбаздары 170 литр қан тапсырды

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлттық ұлан сарбаздары екі жүзге жуық литр қан тапсырды
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығынан

Дәрігерлер Өскемен қаласындағы әскери бөлімге өздері барып, олардың денсаулығын тексеріп, қан алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шара мақсаты - қанға зәру адамдардың өмірін құтқарып қалу, облыстық қан орталығының қорын толықтыру. Мұндай шараға әскери бөлім белсенді түрде қатысып келеді. Әскер қатарына Абай облысынан шақыртылған Диас Жамалов үшін қан тапсыру дәстүрге айналғандай. Ол әскери бөлімдегі қайырымдылық шарасына өз үлесін қосты.

Мен студент кезімнен бастап жылда қан тапсырамын. Өйткені мен қанға зәру көп адамның өмірін сақтап қалуға көмектесетін өте маңызды істердің бірі екендігін түсінемін. Негізінде, қан тапсырудың донор үшін еш қаупі жоқ. Керісінше, қанның белсенді жаңаруына, жүрек-қан тамыры жүйесі мен ішкі органдар жұмысының қайта жандануына тиімді ықпал етеді, - дейді №6699 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Диас Жамалов.

Қайырымдылық шарасына әскери бөлімдегі үш жүзден астам мерзімді әскери қызметші қатысты. Үш күнге созылған шараның сарбаздар үшін берер өнегесі мол. Бұл әрекет әскери қызметшілердің қоғам денсаулығы мен әл-ауқатына деген қамқорлықтың шынайы белгісін айқындағандай.

Следующая →