Өскемен
облачно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -4°
  • Қызылорда
    +8°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +17°
$
489.36
+1.25
533.45
+3.36
¥
68.97
+0.45
4.99
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бірыңғай уақыт белдеуі: ұшақ пен пойызға кешігіп қалмау үшін не істеу керек?

29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні жолға шығатын жолаушыларға әуе компаниялары мен "Қазақстан темір жолы" АҚ ескерту жасады

Новости Казахстана / Бірыңғай уақыт белдеуі: ұшақ пен пойызға кешігіп қалмау үшін не істеу керек?
Фото:
pexels.com

Жолаушыларға әуежайлар мен вокзалдарға рейс жөнелтілетін уақыттан әлдеқайда ертерек келу ұсынылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Көлік министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00.00-де) жергілікті уақыт Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, Абай, Жетісу, Ұлытау, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында 1 сағатқа кері ауыстырылады.

Осыған байланысты Көлік министрлігі авиациялық және теміржол әкімшіліктерімен, тасымалдаушылармен, әуежайлармен және вокзалдармен бірлесіп барлық қажетті дайындық жұмыстарын жүргізген болатын.

1 наурыздан бастап барлық жолаушылар пойызы бір уақыт белдеуімен жөнелтіледі.

Сағат тілін бір сағатқа артқа ауыстыру кезінде пойыздардың жүру кестесіне айтарлықтай өзгерістер енгізілмейді, сәйкесінше теміржолда бір уақыт белдеуіне көшу штаттық режимде жүзеге асырылмақ.

Сондай-ақ жолаушылар пойыздары туралы анықтамалық ақпаратты "1433" нөмірі немесе @ktzh_pp_bot Telegram боты арқылы тегін алуға болады.

Авиакомпаниялар авиабилеттерді сату жүйелеріне өзгерістер енгізіп, ресми сайттарда және авиакомпаниялардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында барлық қажетті ақпараттық қолдау көрсетіліп жатыр.

Жолаушыларға бұрын сатып алынған билеттердегі түзетулер туралы хабарламалар және ұшудың жаңа уақыты көрсетілген жаңартылған билетті қалай жүктеу керектігі туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар жеке ескертулер жіберілді.

Осы ретте "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ жанында +7 7172 79 82 14, +7 7172 79 82 13 нөмірлері бойынша "жедел желі" ашылғанын айта кеткен орынды. Рейс туралы ақпаратты нақтылау үшін әуежайлардың анықтамалық қызметтеріне, әуе компаниялардың байланыс орталықтарына хабарласуға болады:

  • Air Astana - + 7 7272 44 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77;
  • FlyArystan - +7 7273 31 10 10 (WhatsApp +7 702 702 0227);
  • SCAT - +7 7252 99 88 80;
  • Qazaq Air - + 7 7273 56 14 14.

Жалпы уәкілетті органмен көлік саласындағы жұмыстың штаттық режимде жүзеге асырылуы мен азаматтардың ыңғайлылығы үшін тиісті шаралар қабылданды.

Следующая →