1 наурыздан бастап намаз уақыты қалай өзгереді?
ҚМДБ бірнеше облыс UTC +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автоматты түрде өзгеретіні ескертті
![Новости Казахстана / 1 наурыздан бастап намаз уақыты қалай өзгереді? Новости Казахстана / 1 наурыздан бастап намаз уақыты қалай өзгереді?](/upload/iblock/26f/e638390kd8gf1ha3ckv0nclllclzbhz7/imgonline_com_ua_Resize_ieygFOpJiX.jpg)
Әркім өзіне қажетті ауыл мен қаладағы намаз уақыттары жайлы мәліметті муфтият сайтынан көре алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Алла қаласа, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00.00-де Қазақстан бойынша UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автоматты түрде өзгереді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтындағы намаз кестесінен өздеріңізге қажетті ауыл мен қаладағы намаз уақыттары жайлы мәліметтерді алуға болады, - деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.
Ал жұма намазына қатысты мәлімет төмендегі кестеде көрсетілді.