Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "жедел желіні" іске қосады
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге қатысты әуе рейстерінде болған өзгерістер бойынша жедел желіге хабарласуға болады
Үкіметтің 2024 жылғы 19 қаңтардағы 20 қаулысына сәйкес, 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00.00-де) жергілікті уақыт 1 сағатқа артқа ауыстырылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл өзгеріс Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарына қатысты екенін ескере кету керек.
Осыған орай ҚР Көлік министрлігі халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (ИАТА) бірлесе отырып, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу бойынша қажет жұмыстарды жүргізді.
Нәтижесінде отандық әуе компаниялары билеттерді сату жүйелеріне өзгерістер енгізді. Азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында әуе компаниялары ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларында жолаушыларға барынша ақпараттық қолдау көрсетіп жатыр, - деп хабарлады ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті.
Сонымен қатар, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында ағымдағы жылдың 29 ақпанынан 2 наурызына дейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің жедел штабы базасында "жедел желі" ашылады. Рейстің ұшу уақыты өзгеру мәселелері бойынша жолаушылар +7 7172 798214, +77172 798213 нөмірлері бойынша хабарласа алады.
Сондай-ақ, рейстерге қатысты өзекті ақпаратты нақтылау үшін жолаушыларға әуежайдың анықтамалық қызметтеріне, әуе компаниялардың қосымшалары мен колл-орталықтарына хабарласуды ұсынады:
- Air Astana +7727244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77;
- FlyArystan +7 727 331 1010 (WhatsApp +7 702 702 0227);
- SCAT +7 7252 99 88 80;
- Qazaq Air +7 727 356 14 14.