Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қытайда Қазақстанның мәдени орталығы ашылады

Орталықта музей және кітапхана ісі, музыка және кино өнері, тіл үйретіледі деп жоспарлануда

Новости Казахстана / Қытайда Қазақстанның мәдени орталығы ашылады
Фото:
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

2022 жылы екі елге теңдей мәдени орталықтар құру туралы келісім жасалған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Бейжіңге жұмыс сапары аясында ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен кездесіп, аталмыш жобаны жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Қытай мен Қазақстан - ұзақ уақыт бойы стратегиялық одақтас, сондай-ақ барлық сала бойынша тығыз қарым-қатынас орнатқан серіктес. Бүгінгі кездесу екі ел арасындағы татулықты одан әрі нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға берік негіз болды. Біз өз тарапымыздан орталықтың ашылуына қатысты барлық мәселелерді жедел шешуде барынша қолдау көрсетеміз, - деді Сунь Ели.

Іссапар барысында қазақстандық тарап Қытайдағы Қазақстан орталығының мазмұндық тұжырымдамасын әзірлеп, ғимарат таңдауға қатысты ұйымдастырушылық мәселелер мен құқықтық аспектілерін пысықтады.

Следующая →