Өскеменде тұрғындар автобустарды ұзақ күтуге мәжбүр
Қаладағы қоғамдық көліктердің жартысына жуығы жүрмей тұр
Бағытқа шыққан автобустардың жанармайы қатып, қайта тұраққа қайтуға мәжбүр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өйткені қалада қатты аяз сақталып отыр.
Ауа райының күрт төмендеп, аяздың күшеюіне байланысты Өскемен қаласындағы қоғамдық көліктердің 68 пайызы ғана бағытқа шықты, - дейді Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығының директоры Амантай Бақыт. – Себебі автобустардың жанармайы қатып, қайта тұраққа оралуда. Тасымалдаушылар автобустарды жылы бокстарға кіргізіп, жылытып, жөндеп қайта шығаруда.
Осыған байланысты қала халқына жолға шықпас бұрын автобустардың уақытын OskemenBus қосымшасынан алдын ала көріп алуды ұсынады.