Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР ІІМ мектептерге шабуыл туралы жалған ақпараттарды кім таратқанын атады

Өткен айда Қазақстанның 6 қаласындағы мектептерге қарулы шабуыл жасалатыны туралы хабарламалар тараған болатын

Новости Казахстана / ҚР ІІМ мектептерге шабуыл туралы жалған ақпараттарды кім таратқанын атады
Фото:
Устинка LIVE

Олардың төртеуін шетелдіктер таратқан болса, екі хабарламаны оларға еліктеген қазақстандық оқушылар таратқан көрінеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.

ІІМ терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салды.

25 қаңтардан бастап Telegram мессенджерінде мектептерге шабуыл жасау қаупі туралы анонимді хабарламалар тарала бастады. Хабарламалар Қазақстанның алты қаласында, яғни Ақтөбеде, Атырауда, Алматыда, Павлодарда, Қарағандыда және Қостанайда келіп түскен. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деді ІІМ имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар департаментінің бастығы Альбина Махамбетова.

Алматы, Ақтөбе, Атырау және Павлодар қалаларында таралған хабарламаларға ТМД елдері азаматтарының қатысы бар екені анықталған. ҚР ІІМ шетелдік әріптестермен бірге олардың қылмыстық әрекеттерін әшкерелеу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, Қарағанды және Қостанай қалаларында шабуыл жасау қаупі бар хабарламалардан кейін кәмелетке толмағандардың Telegram-арналарын ашқаны анықталды. Олар бұрын таратылған хабарламалардың мәтінін көшіріп, оқу орындарының фотосуреттерін орналастырып, өз мектептерінің чаттарына жалған ақпарат жолдаған. Қазіргі уақытта Қарағанды қаласы №15 орта мектебінің жетінші сынып оқушысы және Қостанайдағы №3 мектеп-гимназиясының төртінші сынып оқушысы анықталды. Олардың қылмыстық жауапкершілік жасына жетпегені ескеріліп, ата-аналары бала тәрбиесіне көңіл бөлмегендері үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ, сот шешімі бойынша олар жедел қызметтерді жалған шақыртуға және білім беру объектілерін тексеруге байланысты мемлекетке келтірілген залалды өтейтін болады. Шығын көлемі екі миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін, – деді Альбина Махамбетова.

Терроризм актісіне дайындық туралы көрінеу жалған хабарлама үшін 5 мың АЕК мөлшерінде, яғни 18 млн теңгеден астам айыппұл не болмаса 5 жылға бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қарастырылады.

Дүрбелеңге жол бермеу үшін полиция халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл ретте оқушыларға ерекше көңіл бөлінеді.

Хабарламалар жалған болғанына қарамастан, онда көрсетілген орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және күзетті күшейту бойынша шаралар қабылданады. Сонымен бірге, арандатушылық жарияланымдарды орналастыратын анонимді арналар бойынша мессенджерлердің әкімшілігімен жұмыстар жүргізіледі. Атап айтқанда, жалған ақпарат таратқан анонимді арна қазіргі уақытта бұғатталды. Бұл жұмыс жалғасатын болады, – деді Альбина Махамбетова.

Өткен жылы полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама бойынша 215 қылмыстық іс қозғады. 43 адам анықталды, оның 19-ы кәмелетке толмаған, 7 адам сотталды, оның ішінде 2-еуі кәмелетке толмаған. Әрбір осындай факт бойынша жан-жақты тергеу жүргізіледі.

Следующая →