ШҚО-да қар көшкіні жүріп, жолды жауып қалды
"Өскемен-Таулы Үлбі-Северное" автожолы бойында қар көшкіні жүрді
Бұл аумақтағы таудан өздігінен 600 текше метр қар түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.
"Қазселденқорғау" ММ ақпараты бойынша 15 ақпанда облыстық маңызы бар "Өскемен-Таулы Үлбі-Северное" автожолының учаскесінде жауын-шашынның көп түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 600 текше метр қар көшкінінің өздігінен түсуі болды. Алдын ала жол жабылды.
Зардап шеккендер мен қиратулар жоқ. Қазіргі уақытта учаске жол қызметтерінің техникасымен тазартылуда. Жол жабық күйінде қалады.