Алматыда лай көшкіні басқан үй ішінен бір адамның денесі табылды
Түн ортасында Тау-Самал шағын ауданында техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан лай көшкіні жүрген
![Новости Казахстана / Алматыда лай көшкіні басқан үй ішінен бір адамның денесі табылды Новости Казахстана / Алматыда лай көшкіні басқан үй ішінен бір адамның денесі табылды](/upload/iblock/60f/n1f62g2jjymczlj0i8tatgion96iwnxo/imgonline_com_ua_Resize_8qGEq1SZVT.jpg)
Екі жер үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген. Үй ішінде қалған адамдарды іздеу, құтқару жұмыстары барысында бір адамның денесі табылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР ТЖМ ақпаратына сүйеніп.
8 ақпанда сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының Тау-Самал шағын ауданында алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан жылжыманың түскендігі туралы ақпарат келіп түсті, - делінген ҚР ТЖМ мәлімдемесінде. - Сырғыма салдарынан екі үйге зақым келгені анықталды. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Жинау пунктіне орналастырылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, тұрғындар өз еркімен достары мен туыстарына кетті.
Сағат 10.00-дегі жағдай бойынша Алматыда жылжыма түскен жерде жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді балшық массасынан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Алматы қаласы ТЖД және Республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен қаза тапқан (алдын ала болжам бойынша 2007 жылғы) жас жігіттің денесі табылды.
Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.