Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменге келе жатқан пойызда нәресте дүниеге келді

Кеше Алматыдан Өскеменге келе жатқан пойыз ішінде ай-күні жеткен келіншектің толғағы қысқан

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменге келе жатқан пойызда нәресте дүниеге келді
Фото:
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Вагон жолсерігі мен пойыздың басқа да қызметкерлері жас ананы аман-есен босандырып алған, деп хабарлайды деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жансая Көкенова жүктіліктің соңғы айында Алматыдан Өскеменге №352 пойызбен жолға шыққан. Пойыз жөнелтілгеннен кейін "Екіаша – Айыртау" станциялары арасында жолаушының толғағы басталған. Вагон жолсерігі Бағдагүл Әбдәқұлова және пойыз бригадасының басқа да қызметкерлері қажетті көмек көрсетіп, босануды аман-есен қабылдады. Қыз 7 ақпанда сағат 13.30-да дүниеге келді, - деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Пойыз бригадасы нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істеп, ана мен нәрестеге барлық қажетті жағдайлар жасалды. Өскемен станциясына келгеннен кейін қызды анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қабылдады.

Қазір анасы мен қызы Өскемендені Ана мен бала орталығында жатыр, - деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. - 2 келі 854 грамм, бойы 50 см қыз бала дүниеге келген. Ананың да, баланың да жағдайы жақсы. 

Жолсерік Бағдагүл Әбдәқұлова теміржолда 23 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Бұл оқиға оның тәжірибесінде бірінші рет орын алып отыр екен.

Айта кету керек, пойыз бригадаларының қызметкерлеріне түрлі жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тұрақты негізде оқу-жаттығу өткізіледі.

Соңғы 3 жылда "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарында 12 бала дүниеге келіпті.


Следующая →