Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Президент: Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты

Новости Казахстана / Президент: Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет
Фото:
akorda.kz

Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуге тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент өткен жылы экономикамыз 5,1 пайызға өскенін атап өтті. Ал негізгі мақсат – 2029 жылға қарай экономика көлемін 450 миллиард долларға жеткізу. Яғни, нақты меже бар. Енді тек жұмыс істеу қажет. Бұл – еліміздің жалпы ішкі өнімі жыл сайын кемінде 6 пайызға өсуі керек деген сөз.

Сондай-ақ, макроэкономикалық көрсеткіштермен қатар халықтың нақты табысы да қарқынды түрде артуы керек. Бұл – өте маңызды міндет. Бір сөзбен айтқанда, бізге шын мәнінде сапалы даму қажет. Сондықтан әрбір қадамды жан-жақты, мұқият ойластырып, батыл әрекет ету керек, - деді Президент. - Алдағы міндеттерді орындау үшін Үкіметке де, әкімдіктерге де тиісті құзырет берілген. Алайда бұл мүмкіндіктер көп жағдайда дұрыс қолданылмай жатады. Соның кесірінен реформаларды жүзеге асыру қарқыны бәсеңдеп кетті. Мұндайды доғару керек

Мемлекеттік органдар арасында өзара келісу мен талқылау жұмысы аяқталғанша, кез келген бастаманың негізгі мән-маңызы да өзгеріп кетеді. Бюрократияны тоқтату қажет, бізге нақты нәтиже керек. Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуге тиіс. Жұмыс барысында жүйелі ұстаным болуы қажет. Мәселені жедел шешумен қатар, экономиканың ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету өте маңызды

Қазіргі жағдайда экономикамыздың мейлінше еркін дамуына мән беруіміз қажет. Елімізді дамудың жаңа белесіне шығарамыз десек, бұл жұмысты жедел және дәйекті түрде жүргізген жөн.

Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын айқындап берді. Ал бүгін қазіргі экономикалық ахуалға қатысты өзекті мәселелерге тоқталды:

  1. Бюджет және салық саясатының тиімділігін барынша арттыру қажет
  2. Жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек
  3. Мемлекеттік сатып алу, мемлекет пен жекеменшік серіктестігі, құрылыс саласын реттеу жүйесін реформалау қажет
  4. Экономиканы кешенді түрде ырықтандыру үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет
  5. Еліміздегі өндірістің дамуына тың серпін беру қажет
  6. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемдеп пайдалану өте маңызды
  7. Коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғырту жұмыстарын жеделдету керек
  8. Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру үшін белсенді жұмыс істеу қажет
  9. Экономиканы цифрландыру ісін жалғастыру және жасанды интеллект технологиясын кеңінен қолдану аса маңызды
  10. Әлеуметтік салаға айрықша назар аударған жөн

Следующая →