"Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы құтқару жұмыстары тоқтатылды
Құтқарушылар іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқан аумақта топырақ құбыры әлсіреген
"Майқайыңалтын" АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Павлодар облыстық ТЖД ақпаратына сүйеніп.
"GRP-RIDDER-GROUP" ЖШС жүргізген зерттеу қорытындыларына сәйкес шыңырау түбінде топырақ құрылымы өзгеріп, әлсірегені анықталды. Жүргізілетін жұмыстардың орнында да, астында да қуыстар бар екендігі анықталды. Құлау қаупі өте жоғары.
Осы учаскеде қандай да бір тау-кен, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу өте қауіпті.
Апатты жою басшысының орынбасары - КӘАҚҚ РШО Павлодар филиалы директорының орынбасары Жарқымбеков жұмыс істейтін құтқарушылардың, экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнуіне байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта Павлодар облысы ТЖД барлық күштері мен құралдары жұмыс жүргізіліп жатқан жерде.