Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл елдегі инженерлік желілерді жөндеуге 450 млрд теңге инвестиция салынады

6,5 мың км инженерлік желі жөнделеді деп жоспарлануда

Новости Казахстана / Биыл елдегі инженерлік желілерді жөндеуге 450 млрд теңге инвестиция салынады
Фото:
pexels.com

Былтыр 5,8 мың км инженерлік желілер жөнделді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі еліміздің бүкіл тұрғын үй-коммуналдық саласын ауқымды жаңғыртуды жүзеге асыруда.

Мәселен, 2023 жылы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға 500 млрд теңге, оның ішінде бюджет есебінен – 327 млрд теңге бағытталды, - делінген хабарламада. - Нәтижесінде бірқатар ірі жылу көздері мен 5,8 мың км инженерлік желілер жөнделді.

Биыл бұл мақсаттарға 450 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 6,5 мың км инженерлік желі жөнделеді.

Жалпы, жүргізіліп жатқан тарифтік реформаның арқасында 2029 жылға дейін 62 мың км инженерлік желілерді жаңғырту және тозған желілердің 20%-ын жаңарту үшін шамамен 3 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр.

Бұл коммуналдық инфрақұрылымды нормативтік жағдайға жеткізуге мүмкіндік береді.

Следующая →