Өскемен
ясно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +23°
$
478.93
-0.03
534.96
+1.93
¥
67.8
+0.18
5.16
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Онлайн казино мен заңсыз букмекерлер туралы қайда шағымдануға болады?

Туризм және спорт министрлігі заңсыз ойын бизнесі мен оның жарнамасымен күресу үшін чат-боттарды іске қосқан болатын

Новости Казахстана / Онлайн казино мен заңсыз букмекерлер туралы қайда шағымдануға болады?
Фото:
pexels.com

Үш айда "Telegram" және "WhatsApp" мессенджерлеріндегі чат-боттарына 100-ден астам өтініш түскен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Министрлік 2023 жылдың қараша айынан бастап "Telegram" (https://t.me/stop_online_casino_bot) және "WhatsApp" (+7 707 9071507) мессенджерлерінде чат-боттарды іске қосты. Олар арқылы азаматтар күдікті сайттарға, онлайн-казино, заңсыз букмекерлік кеңселер, заңсыз лотерея ұйымдары және өзге де заңсыз қызметтің белгілері бар әлеуметтік желілер парақшаларының сілтемелері мен интернет-кеңістікте өткізілетін заңсыз ұтыс ойындарының түрлері және олардың жарнамалары, сондай-ақ арнайы ойын аймақтарынан тыс және тиісті лицензиясыз "жерде" заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру туралы ақпаратты жедел түрде жеткізе алады.

Осы орайда айта кетейік, "Ойын бизнесі туралы" Заңға сәйкес Қазақстандағы казино мен букмекерлік кеңселерге министрліктің лицензиясы негізінде Алматы және Ақмола облысында орналасқан екі ойын аймағының аумағында ғана қызмет ету рұқсат етілген. Осы талаптар сақталмаған кезде заң бұзушыларға қатысты 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, қылмыстық табыстың жиырма еселенген сомасына дейінгі мөлшерде айыппұл және мүлікті тәркілеу түрінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бүгінгі күні министрліктің чат-ботына 100-ден астам өтініш келіп түсті, - делінген ақпаратта. - Бұдан басқа, министрлік заңсыз желілік ресурстардың ұйымдастырушылары мен бенефициарлары болып табылатын ҚР азаматтарына қатысты құқықтық бағалау, зерделеу және тексеру жүргізу үшін тиісті материалдарды құқық қорғау органдарына ұсынады. Сонымен қатар, министрлік құқық қорғау органдарымен және ақпарат саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, үнемі "Кибернадзор" ақпараттық жүйесін пайдалана отырып интернет желісінде заңға қайшы контентті таратуға қарсы күрес жүргізеді.

2023 жылы "Кибернадзор" ақпараттық жүйесіне интернет-казино қызметінің белгілері бар 8284 материал енгізілді, оның ішінде мазмұнды зерделеу қорытындысы бойынша 4459 сайт бұғатталды.

Следующая →