Өскеменде селфи үшін шатырға шыққан қыздардың кім екені анықталды
ШҚО полициясы фото үшін көпқабатты үйдің төбесіне шыққан үш оқушының жеке басын анықтады
Өткен демалыс күндері әлеуметтік желіде Өскеменде кәмелетке толмаған үш қыздың көпқабатты үйдің шатырында отырып суретке түсіп жүргені бейнеленген видео тарады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Іс жүргізу барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдердің жеке басын анықтады. Олар қала мектептері бірінің 6-сынып оқушылары болып шықты.
Анықталғандай жасөспірімдер шатырда әдемі селфи жасамақ болған.
Полицейлер бейнероликке қатысушылармен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіп, ата-аналарға кәмелетке толмаған бала үшін жауапты екенін және балаларына дұрыс тәрбие беріп, не істеп жатқандарын бақылауға міндетті екенін ескертті. Өйткені бұндай жағдайлар жасөспірімдердің өздері үшін қауіпті болуы мүмкін немесе басқаларға теріс үлгі болуы мүмкін, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Осындай жағдайларға куә болсаңыз, дереу 102 арнасына хабарласу қажет.