Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жаңа 5 мың теңгелік банкноталарды жалған ақшадан қалай ажыратуға болады?

Қазақстан Ұлттық банкі жаңа дизайнда шыққан номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды 2023 жылы 25 желтоқсанда айналымға шығарды

Новости Казахстана / Жаңа 5 мың теңгелік банкноталарды жалған ақшадан қалай ажыратуға болады?
Фото:
ҚР Ұлттық банк

ҚҰБ шынайы банкноталарды жалған ақшадан өз бетінше ажыратуға көмектесетін қарапайым ережелермен таныстырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл – "Сақ стилі" жаңа сериясының алғашқы банкнотасы. Ол қазақы ою-өрнектің бастау негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін "Сақ стилі" элементтеріне негізделген.

ҚҰБ шынайы банкноталарды жалған ақшадан өз бетінше ажыратуға көмектесетін қарапайым ережелер бар екенін еске салады және 2023 жылғы үлгіде шыққан жаңа дизайндағы 5 000 теңгелік банкноталардың қорғаныш элементтерін ұсынады.

Ақша белгісінің қорғаныш элементтері туралы:

Банкнотада рельефті қалыптастыратын – алтын интаглио арнайы баспа тәсілі қолданылған. Қазақстан Республикасының елтаңбасы алтын металл бояудың жоғары бедерлі қабатымен басылған.

1.jpg

Банкнотаның бет жағындағы шеттерінде шығыңқы, жоғары рельефті элементтер бар, олар қолмен ұстағанда жақсы сезілетін – көру қабілеті нашар адамдарға арналған белгі.

2.jpg

Банкнота бетінде үзік-үзік түрінде шығып тұрған екі түсті қорғаныш жіп те бар. Ол жарық түскенде бір тұтас жіп ретінде анық көрінеді. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде қызыл және көк түстердің өзара әрекеттесуінен динамикалық лүпілдің әсері пайда болады.

3.jpg

Сонымен қатар, банкнотаның бет жағында көлемді стильдендірілген "Бүркіт" бейнесі түріндегі патч қорғаныш элементі орналасқан. Банкнотаны аударған кезде номиналдың цифрлық кескінінен ою-өрнекке ауысу әсері және күн белгісі сәулелерінің жан-жаққа шашыраған динамикалық әсері байқалады.

4.jpg

Жеке көркемдік элементтер банкнотаға алтын түстес жылтырағы бар арнайы – иридисцентті бояу қолданып басылған.

5.jpg

Локальды су белгісі қорғаныш элементі – электротип. Жарық түскенде номиналдың бейнесінен тұратын электротип белгісі анық көрінеді.

6.jpg

Банкнотаның екінші бетінде "Бүркіт" артефактінің көлемді бейнесі түріндегі Спарк элементі орналасқан. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде Спарк түсі алтыннан нефрит түсіне өзгереді.

7.jpg

Мұндай тексеру тәсілдері бірнеше секунд уақытты алады және кез келген адамға банкнотаның түпнұсқалығын анықтауға көмектеседі.

Следующая →