Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ақтөбеліктерді дүрліктірген 18 жастағы шетел азаматы болып шықты

Ақтөбе мектептерінде терракт ұйымдастырылатыны туралы ақпарат тараған болатын

Новости Казахстана / Ақтөбеліктерді дүрліктірген 18 жастағы шетел азаматы болып шықты
Фото:
instagram/aqtobe_oblysy_akimdigi

Telegram-канал арқылы жалған хабар таратып жүрген адам анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің ақпаратына сүйеніп.

Ақтөбе қаласының мектептерінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша полиция қызметкерлерімен жақын шет елдердің бірінің 18 жастағы тұрғыны анықталды, - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі. - Өңірдегі жағдай – құқық қорғау органдарының бақылауында. Алаңдауға негіз жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде Ақтөбе қаласындағы мектептерде қылмыс жасау қаупі туралы хабарлама таралғаннан кейін полиция оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, оның ішінде бейнебақылау жүйесі арқылы және олардың маңына полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейткен болатын. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында өткізу режимі бақылауға алынды.

Жыл басынан бері шетелде таралған осындай бірқатар жалған хабарламаларды ескере отырып, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу барысында осы ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілді.

Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Ақтөбе қаласындағы мектептерде сабақтар қалыпты жағдайда өтетінін хабарлады.

Ата-аналарды дүрбелеңге түспеуін және тек ресми деректерге сүйенуін, сондай-ақ жалған ақпараттың таралуына ықпал етпеуін сұраймын. Қала мектептері әдеттегідей, штаттық режімде жұмыс істейді, мектептердің ешқайсысында төтенше жағдайлар тіркелмеген. Мектептерге жасалған шабуылдар туралы ақпараттың жалған екендігі сенімді түрде анықталды. Қашықтықтан оқыту форматына ауысуға ешқандай себеп жоқ, - деді Жайық Сұлтан.

Следующая →