Қазақстанда адам ұрлаған алаяқтар тобы әшкереленді
Өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері деп таныстырып, ақша бопсалаған
Төртеуі де сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды Устинка LIVE Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратына сүйеніп.
Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратура тергеуді анықтағаннан кейін А. Әшімов, А. Алексеев, Н. Шаймарданов және А. Бапановты әшкереледі.
Олар алдын ала сөз байласып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Адам ұрлаумен қатар, есірткі заттарын сақтап және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп бопсалаған. Сондай-ақ 1,4 млн теңгеден астам сома мүлкін иемденген, - делінген хабарламада.
Топтың барлық қатысушысы соттың санкциясымен қамауға алынды.
Қазіргі уақытта олардың ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Осы адамдардың құқыққа қайшы қызметі туралы ақпарат болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарлау қажет.