Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Елдегі ең төмен жалақы мөлшері қалай өзгереді?

Келесі жылы ЕТЖ 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін ұлғайтылады

Новости Казахстана / Елдегі ең төмен жалақы мөлшері қалай өзгереді?
Фото:
Устинка LIVE

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері артады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сүйеніп.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ-дан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.

Нәтижесінде 85 мың теңгеге дейін жалақы алатын түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде бюджет саласындағы 350 мың қызметкердің ақшалай кірістері өседі, - делінген ақпаратта.

Бірінші кезекте ЕТЖ арттыру "жалақысы төмен" қызметкерлерге қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, ЕТЖ еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады және жыл сайын тиісті қаржы жылына сәйкес "Республикалық бюджет туралы" ҚР Заңымен белгіленеді.

Следующая →