Қызылорда облысындағы мектептерде сотталған және медмекемеде есепте тұрғандар жұмыс істеген
Қызылорда облысының прокуратурасы мектептерді жаппай тексеріп жатыр
Алғашқы тексеру нәтижелерімен санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен өрт қауіпсіздігін бұзудың 200-ден астам фактісі анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Қызылорда облысының прокуратурасы ақпаратына сүйеніп.
Кейбір мектептерде бейнебақылау камералары кей аумақтарды көрсетпейді, жұмыс істемейтін бейнекамералар бар, салдарынан сапалы бақылауға кедергі келтіреді, - деп хабарлайды Қызылорда облысының прокуратурасы.
Одан өзге, информатика сабақтарында оқушылар бақылаусыз қалып, ересектер мен құмар ойындарға арналған сайттарға еркін кірген.
26 мектепте мұғалімдерді конкурс өткізбей жұмысқа орналастыру фактілері анықталып, соттылығы бар және медициналық мекемелердің "Д" есебінде тұрғандар жұмысқа орналастырылған, - делінген хабарламада. - Сонымен қатар, педагогтар жалған дипломмен жұмысқа қабылданғаны анықталып, олар бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Мектептерді тексеру жұмыстары жалғасады.