Екі тәулікте 5 мыңнан астам адам жолда қалды
ҚР ТЖД мамандары екі күн ішінде жолда қалған 5 мыңнан астам адамды құтқарды
Оның ішінде үш жүзге жуық бала бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР ТЖМ ақпаратына сүйеніп.
Температураның төмендеуіне, көктайғақ пен боранға байланысты бірқатар өңірлерде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда қозғалыс жабылды. Еліміздің автожолдарында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Жалпы екі тәулік ішінде еліміздің автожолдарында 5 мыңнан астам адам, оның ішінде 275 бала құтқарылды, - делінген хабарламада. - Өткен тәуліктің өзінде жолдарда 4 510 адам, оның ішінде 225 бала құтқарылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, полиция, Қазавтожол, шекара жасағының күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Қолайсыз ауа райына байланысты құтқару жұмыстары негізінен Жамбыл, Түркістан, Жетісу, Алматы және Қарағанды облыстарында жүргізілді.